Сексуалдық құлдық: Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтар жойылды

Бірқатар кешенді шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 22-24 мамыр аралығында "STOP-трафик" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Адам саудасының 49 дерегі, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты тоғыз факт анықталды.

"Адамдар "трафигімен" байланысты заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырған күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету деректері бойынша үш соталды тергеп-тексеру басталды.