Өзінің сүндетке отырғанын Виталий Мантров есімді азамат әлеуметтік желідегі парақшасына жазған, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.
Бірнеше жыл қатарына ауыз бекіткенін және сүйген қызының өтініші бойынша сүндетке отырғанын жазған ол, алдағы уақытта жыныстық қатынастағы өзгерістер туралы да айтып бермекші.
«Бұл жерде белгілі себептерге байланысты сурет болмайды. Мен былтыр және алдыңғы жылы ораза тұттым. Ал биыл іссапарда болғандықтан ұстай алмадым. Есесіне одан ары бардым. Сүндетке отырдым. Бір кездері осылай істеуімді бір құрбым өтініп еді. Бірақ кейін арамызда ештеңе болмады.Ата-анасы тұтқындалған соң өзі жоғалып кетті. Осы қадамға итермелеген басқа да көптеген оқиғаларды айтып бере аламын. Бірақ айтқым келмейді. Қысқасы, ассимилияция процесі және тазалық үшін осылай жасадым. Ең қызығы сексуалдық өмірімнің қалай өзгеретіні. Ол туралы кем дегенде 20 күннен соң айтым беремін. Көрімдік күтемін»,- деп жазыпты журналист Виталий Мантров
Кейбіреулер оның бұл қадамын әзілге айналдырса, көпшілік қолдау білдіріп, құттықтау сөздер қалдырған.