Селфи жасамақ болған ер адам Португалия королінің мүсінін қиратты

Ер адам  Лиссабонда Росиу темір жол вокзалындағы  Португалия королі Себастьян l-дің мүсініне өрмелеп шығып итерген кезде оны құлатып алған. Бұл келеңсіз жағдай 3 мамырда түн ортасында орын алды. 

Ойлағаны болмай сәтсіздікке ұшыраған фотоәуесқой оқиға болған жерден ізін суытуға тырысқан. Бірақ полицейлер оны тап бастырмады.

Қолына қалқан мен қылыш ұстаған король Себастьян l-дің мүсіні 189 жылы воксалдың кіре берісінде аркалардың арасында  орнатылған, деп хабарлайды Reuters.