Селфиге түсірмекші болған әйел баласын эскалатордан құлатып алды

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі РЕН-ТВ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кадрдан ерлі-зайыптылардың эскалаторға мінгенін көруге болады. Әйелдің қолында нәрестесі болған.

Куәгерлердің айтуынша, осы сәтте күйеуі әйелінен селфиге түсіруді өтінген. Сол кезде әйел тепе-теңдігін сақтай алмай, теңселіп кетіп, баланы қолынан түсіріп алған.

Дереккөзінің хабарлауынша, эскалатордан құлаған бала шетінеп кеткен.