Семейде тәрбиеші баланы әріп білмегені үшін сабаған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды әріп білмегені үшін және басқа бағдарламаны меңгере алмағаны үшін ұрып-соққан. Балабақша әкімшілігі ұсынған видео ата-аналардың бұл сөзіне дәлел болды. 

"SEMEI TV" арнасының мәліметінше, тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ сегіз ата-ана тәрбиешінің үстінен арыз жазғандықтан, 140-бап бойынша педагогке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал мекеме басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

Болған жағдайдан кейін де балалар балабақшаға барып жүр.