Семей 2008 жылы түгелдей сандық телефон станциясына ауыстырылатын болады

Оның айтуынша, Семейде аналог жүйесіндегі телефон станциясының жұмысын сандық жүйеге ауыстыру 4 жыл бұрын басталған болатын. "Келесі жылы бұл жұмыс аяқталады деп күтілуде. Ол үшін тағы үш аналог жүйесіндегі станцияны - 42-ші, 64-ші және 67-ші станцияларды алмастыру қалды. Жалпы монтождалған сыйымдылық 17 мыңды құрайды",- деді Ж. Абеев.

Ол сондай-ақ, қала маңына телефондар орнату жұмысы да жүргізіліп жатқандығын хабарлады. "Үстіміздегі жылы сымсыз телефон байланысын қолдану басталды. Қарашада "Водный-1" және "Водный-2", "Восход", "Кирпичный", "Жоламан" және "Холодный ключ" сияқты ықшамаудандар қамтылған. Келесі жылдың бірінші тоқсанында кезек "Степный", "Бобровки" және "Западный" сияқты ықшамаудандарға кезек келеді",- деді Ж. Абеев. Оның айтуынша, бүгінде Семейде телефон орнату кезегінде 50 мыңнан астам адам тұр.

"Қазір тұрғындарды телефонмен қамтамасыз ету қарқынды дамып келеді. Менің пайымдауымша, кемінде 2010 жыл дегенде біз телефон орнату ешқандай проблема тудырмайтын кезеңге жетеміз, ол үшін кезекте тұру қажет болмайды. Өтініш бересіз - осы күні телефон орнатылатын болады",- деп атап көрсетті Ж. Абеев.

Ол сондай-ақ, 2008 -2010 жылдары Абралы және Жаңасемей аудандарын сандық телефон станциясына ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда деп хабарлады. "Бүгінгі күнде ауылдың 200-ден астам адамнан тұратын тұрғындары телефонмен жүз пайыз жабдықталған",- деп атап өтті Ж. Абеев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті