"Ауыл шаруашылығында айтарлықтай ілгерушілік байқалады. Өткен жылы мұнда жалпы өнім өндірісі 6 млрд теңгеге қамтамасыз етілді. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 12% жоғары", - деп атап өтті М.Айнабеков.
Ол атап өткеніндей, "Приречное" агрофирмасында 500 мал басына есептелген мал жемдеу алаңы және 300 мал басына арналған сүт-тауар фермасының құрылыстары басталды.
"Ауылдық аумақтар одан әрі дамытылатын болады. Достық және Чекоман ауылында су құбырларын жаңарту жұмыстары аяқталды. Тұра осындай жұмыстар Знаменка ауылында қолға алынды", - деді қала әкімі.
Оның мәліметтері бойынша, 2007 жылы Караөлең, Маралды, Шағын Ақтөбе, Талдықорған ауылдарында сөйлесу пунктері ашылды. Ал Самай, Социалистік Қазақстан және Қызылжол ауылдарында серіктік телефон станциялары орнатылды.