Семей аймағында әскерге шақырылғандардың 40% борышын өтеуге жарамсыз деп танылды

"Әскерге шақыру жөніндегі медициналық комиссия өзінің жұмысын 1 қазанда бастады. Бір ай ішіндегі жұмыс нәтижесіне қарап мен жағдайымыз көңіл көншітерлік емес деген тұжырым жасай аламын",-деді М.Ысқақова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда әскер қатарына шақырылушылардың 80 % денсаулығы мәз емес, тіпті 40% әскер қатарына жарамсыз.

"Әскерге шақырылатын жастағы жігіттердің денсаулығы жыл сайын төмендеп барады. Олардың арасында май табан, бас-сүйегінің зақымдану салдары, жүрек- қан тамырлары, сколиоз және көз жанары проблемалары басым",-дейді М.Ысқақова. "Бір ғана қуанатын жағдай - жігіттердің салмақтары қалпына келе бастады",-деп атап өтті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті