Семей аймағында бір тәулік ішінде жол-көлік оқиғасынан үш адам қайтыс болды

Станция бастығының орынбасары Мәнсия Әукенованың ақпараттарына сүйенсек, 5 тамызда Шүлбі тас жолының қаладан 25 шақырымында шетел көлігі аударылып, жолдың жиегіне қарай аунап кеткен. Көлік ішінде екі адам болған. Олардың біреуі, 60 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Екіншісі, шамамен 55 жастағы ер адам Семейдің жедел медициналық жәрдем ауруханасына ауыр жарақаттармен жеткізілген, ол қабылдау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Осы күні Семей орталығында Абай көшесімен келе жатқан көлік екі жаяу жүргіншіні соғып кеткен. Соның салдарынан 27 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды, екіншісі ауыр жағдайда ауруханада жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті