Серікқазы Оразәлиевтің ақпаратына сүйенсек, қол қойылған құжатқа сәйкес, ауыл өндірушілері нан бағасын 45 теңгеден өсірмей сатқан жағдайда, базар басшылары олардан сауда орыны үшін жалға алу ақысын алмауға міндеттелінді.
Серікқазы Оразәлиев, нан бағасының өсуін тоқтату үшін қала әкімшілігі қолданып жатқан шаралардың бірі екендігін атап өтті. Ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша облыста тұрақтандырғыш астық қоры құрылғандығын еске салып өтті. "Осы тұрақтандырғыш қорынан Семей қаласына айына 3 мың тонна астық бөлінеді. Әкімшілік бұл астықтың қайта өңделу және өндірушілерге жеткізілу қозғалысын қадағалайтын болады. Астықты қайта сатпау үшін,алыпсатарлық болмау үшін бүкілін бақылауға аламыз", - деп сендірді Серікқазы Оразәлиев. Оның айтуынша, Семейде тұрақтандырғыш қор есебінен екі ірі кәсіпорын - "СемНан" ЖШС мен Семей тамақ өнімдері комбинаты нан пісіретін болады.
"Қазір Семейде баға салыстырмалы түрде тұрақты болып табылады. Бірінші сорттағы нан бағасы 42 - 45 теңге, екіншісі - шамамен 40 теңге, қара бидай наны да осындай бағада", - деп хабарлады Серікқазы Оразәлиев аталмыш өндірушілер шығарған нан бағасы дәл осы деңгейде болатындығын айта келе.
Семей тамақ өнімдері комбинаты нан өнімдерін саудалайтын қаладағы 26 фирмалық нүктесіне, "СемНан" - 16 фирмалық дүкендерге ие және, сондай-ақ, өз өнімдерін 300 бөлшек сауда нүктесінде бөлшек саудаға саудалайды. "Бұл өте үлкен желі. Осылайша, барлық қала тұрғындары осы екі кәсіпорынның нанын сатып алуға мүмкіншіліктері болады", - деген ойда Серікқазы Оразәлиев.
Сонымен қатар, ол қала әкімшілігі өз асханалары бар кәсіпорын басшыларына егер мүмкіндік болса, нанды өздері пісіріп, жұмысшыларына төмендетілген бағамен таратуды ұсынғандығын хабарлады. "Ауыл әкімдеріне ауыл өндірушілерін нан пісіріп, оны қалада сатумен айналысуға тарту ұсынылған. Сонымен қатар, меморандумға сәйкес, олар үшін жеңілдік жағдай жасалады", - деді Серікқазы Оразәлиев сөз соңында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті