Семей әкімшілігі жаңа жылға байланысты шараларда жасанды шыршаларды пайдалануды ұсынуда

"Жасанды шыршаларды алу бізде өте маңызды мәселе болып тұр. Біз өзіміздің қалған бірегей орманымызды сақтауымыз керек және осы мақсатта айтарымыз: жасанды шыршаларды алыңдар, оның үстіне бұл өте қолайлы әрі тиімді. Себебі, жыл сайын шырша немесе қарағайды қайдан алу керектігін ойлап жатудың қажеті болмайды", - деп атап көрсетті С. Қожабекова.

Қалалық білім беру бөлімінің бастығының орынбасары Николай Пивкиннің айтуынша, мектеп басшылықтарының көбісі әкімшілік үндеуін қолдады. "Семей аймағының 82 мектебінің 60-қа жуығы жасанды шырша орнататындықтарын хабарлап та үлгерді", - деді ол.

Н. Пивкин сондай-ақ, биыл халқы ең тығыз орналасқан ықшамаудандардағы 3 мектеп жасанды шыршаларды көшеде - мектеп ауласында (биіктігі 3,5 метр) орнатуға уәде бергендігін атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті