Семей әуежайына Мұхтар Әуезовтың есімі берілуі мүмкін


Ол кезде Мерей Қарт Семей қаласындағы әуежайға «Абай жолы» деген атауды ұсынған болатын. Бүгінде Семей қаласында Абай мен Шәкәрім есімі берілген нысандардың аз емес екенін алға тартқан әкім, қала әуежайына белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың есіміннің лайықты екенін айтты.

«Семейде Абай мұражайы, Абай театры, Абай кітапханасы бар. Сондай-ақ биыл жыл соңына қарай құрылысы аяқталуы межеленген «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені де болашақта осылардың қатарына қосылмақ. Қала Шәкәрімнің есімінен де кенде емес. Атап айтсам, Шәкәрім университеті, Шәкәрім даңғылы бар. Ендігі кезек ғұлама жазушыларымыздың бірі, осы Семей өңірінің тумасы Мұхтар Әуезов есімінің осы әуежайға берілгені дұрыс болар ма деп ойлаймын. Сондықтан көпшілік тарапынан ұсыныс түссе біз оны қарауға дайынбыз», - деді облыс әкімі.