Семей әуежайында АН-24 ұшағы апатты жағдайда қонды, зардап шеккен ешкім жоқ

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Семей әуежайында (Жаңа Семей ауданы) 21 қыркүйекте сағат 12.03-те сол жақ шассидің дөңгелегі жарылуы салдарынан Алматы-Семей бағытында қатынайтын"Скат" әуекомпаниясының АН-24 ұшағы апатты жағдайда қонды.

Ұшақ бортында экипаждың 4 мүшесі мен 22 жолаушы болған. Ұшақ апатты жағдайда сәтті қонды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.