Семей: бірнеше күн нәр татпаған зейнеткерге көмек көрсетілді


Үйінде көп жылдар бойы жалғыз тұрып келген зейнеткер соңғы күндері  серуенге шығуды қойыпты. Алаңдаған көршілері құтқарушыларды шақыртқан. Қоңырауға ешкім жауап бермеген соң, оларға терезе арқылы кіруге тура келді. Сөйтсеқарияның денсаулығы нашарлап, орындығынан тұра алмай қалыпты. Бірнеше күн нәр татпаған зейнеткер қатты ашығып қалған екен. Оған жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті.