Семей гарнизонындағы әскери бөлімшелерінің бірінде қызмет атқарған капитан есірткіні пайдаланып, сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылды

Оның ақпараты бойынша, 29-жасар әскери 2007 жылы қылмыс жасаған жерде ұсталды. "Ол аса ірі көлем деп саналатын 1,78 гр. есірткіні сатқан кезде құрықталды.Оның көлігін тексеру кезінде тағыда 9,05 гр героин, бөтелкелерде қалған қалдық заттар мен пісектер табылды", - деді А.Қайыров.

Семей гарнизоны 2007 жылдың қараша айында әскери қызметкерді 10 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң тәртіпті колонияда өтейтіні жөнінде үкім шығарды. Айыпталушы сотқа аппеляциялық арыз жазып, "жуырда сот өзінің үкімін шығарды. Үкім бойынша шешім заңды, әрі әділ деп танылып, айып өзгеріссіз қалдырылды. Бүгінде бұрынғы әскери қызметкер колонияда өзінің жазасын өтеп жүр", -деп хабарлады А.Қайыров.