Семей кәсіпорындарында еңбек заңын бұзуға қатысты 300-ден астам дерек әшкереленді

Заң талаптарын бұзу оқиғалары көбінесе еңбек шартын жасауға байланысты болып отыр. И.Замятиннің айтуынша, заңды белден баса жасалған келісім-шарттары көп жағдайда жұмысшыны қорғаусыз қалдырады. Атап айтсақ, ол қаладағы бірнеше кәсіпорында қызметкерлерге алдын-ала ескерту берместен жұмыстан шығаруға жол беру оқиғаларын мысалға келтірді. Шартта осындай жағдай алдын-ала ескерілмегендіктен, оны түзету мүмкін болмай қалған. И.Замятиннің айтуынша, еңбек заңын бұзу оқиғаларына негізінен жұмысшылардың заңдық сауатсыздығы себепкер болуда.

Қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары қатысқан кеңес барысында еңбек департаментінің инспекторы оларды өз тарапынан еңбек заңын бұзбауға шақырумен бірге жер-жерде өз жұмысшылары арасында түсініктеме жұмыстарын ұйымдастыруға шақырды.