Семей маңында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Шығыс Қазақстан облысында қала аралық жолаушылар автобусы өртеніп кетті.


           «Тамыздың 31-інде Семей-Өскемен тас жолының екінші шақырымында Drogmoller жолаушылар автобусы өртенді. Көліктің қаңқасы мен салоны, бір жолаушының заттары толық жанып кетті», - деп хабарлайды Семей қалалық ТЖ басқармасының баспасөз қызметінен.
           Құтқарушылар 39 адамды эвакуациялады. Екшім зардап шеккен жоқ.