Семей маңында жолаушылар автобусы өртке оранды


24 жылдан астам уақыт қолданыста болған автобус әп-сәтте жанып, сау-тамтығы қалмаған. Қоғамдық көлікпен қоса, жұрттың жүгі де күлге айналды. Ал Өскеменге бет алған жолаушылар көп ұзамай өзге автобусқа отырғызылып, діттеген жерлеріне жөнелтілді. Тозығы жеткен көліктің қай жері сыр бергені қазір анықталу үстінде.