Оның айтуынша, бұл рейс "Эйр Қазақстан" әуе компаниясының банкроттыққа ұшырауына байланысты жабылған болатын. Бағыттың жабылуы тұрғындар үшін біршама қиындықтар туғызды. Семейден Астана дейін ұшақпен 2 сағат қана ұшу керек болса, Елордасына жету үшін 10-12 сағат автобуспен немесе 18 сағат бойы темір жолмен қатынауға тура келген.
Н.Есенқожаевтың хабарлауынша, ҚР көлік және коммуникация министрлігінің араласуымен ғана рейсті қайтадан іске қосу мәселесін шешуге мүмкіндік туды. 4-шілдеде көлік министрі Семейде болып қайтқан. 6-шілдеде алғашқы техникалық рейс жолға шықты. Ал Астана-Семей-Алматы бағыты бойынша жолаушы тасымалы бүгіннен басталды, деп хабарлайды Н.Есенқожаев.
Қазір бұл рейсті "Фоккер-50" ұшағымен "Эйр Астана" әуе компаниясы жүзеге асыруда. 50 адамға есептелген ұшақ аптасына екі рет ұшады.