Семей мен Қарағандыда өрттердің салдарынан екі адам қаза тауып, бір бала ауруханаға жатқызылды

ТЖМ мәліметінше, 3 ақпанда Семей қаласының маңындағы Стеклянка ауылында 10 сағат 25 минутта жай үйде шыққан өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт салдарынан 8 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен 7 адамының күшімен 12 сағат 38 минутта сөндірілді.

Сонымен қатар, 3 ақпанда Қарағанды қаласында 11 сағат 05 минутта жай үйде шыққан өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен 9 адамының күшімен 11 сағат 43 минутта сөндірілді.