Семей мешіттерінде Рамазан кезінде жиналған қайыр-садақа таратыла бастады

Оның айтуынша, Рамазан кезінде Семейде жиналған қайыр-садақаның көлемі 400 мың теңгеге жетті. Қазір мешіт қызметкерлері бұл қаржыны мұқтаж жандарға таратуда. "Мешіттен көмек сұрап келгендердің арасында негізінен жалғызбасты мүгедектер, жетімханалар мен мектеп-интернаттардағы жетімдер мен көмекке зәру қарапайым адамдар бар",- деді қажы.

Көмек көрсету жөнінде барлығы 61 хат келген. "Алайда қазір осындай хат жолдамағандар көп. Біз шама-шарқымызша бәріне көмек қолымызды созуға тырысудамыз",- деді ол. Семейде қазір жебеушілік шарасын 8 мешіт жүзеге асыруда. Рамазан айында жиналған қаржының бір бөлігін Семейлік діндарлар Беген орман шаруашылығындағы өрттен зардап шеккендердің есепшотына аударды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті