Семей өңірінде 2008 жылы бүгінгі заманға сай жеті мал -дәрігерлік зертхана салынады

Оны ақпараты бойынша, жаңа зертханалар Аягөз, Үржар, Мақаншы, Борадулиха, Абралы, Шубартау және Жарма аудандарында салынады. ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің шешімімен құрылысқа арналған қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді.

Б. Гизатов атап өткеніндей, жаңа зертханалар ауру малдарды уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. " Бұл біздің басты мақсатымыз. Осындай құрал-жабдықтар арқылы мал дәрігерлік қызметі, шұғыл түрде түрлі дерттің алдын алып, зертхана адамдардың азық -түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, мал өнімдерін ешбір сақтықсыз пайдалуға жол ашады.

"Әрбір мал-дәрігерлік зертханада заманға сай қымбат ПЦР-полимераздық реакциялы қымбат жабдық орнатылады. Ол арқылы инфекцияны генетикалық деңгейде зерттеп, қорытынды шығаруға болады. Әзірге өңірде мұндай аппарат Семей және Өскеменде орнатылған" деп хабарлайды Б.Гизатов.

Мал -дәрігерлік зертханалар қажетті көлік тұрақтарымен, патологиялық зиянды қалдықтарды құртатын беккери-шұңқырларымен жабдықталады.

Зертхана құрылысын аяқтау мерзімі 2008 жылдың күзінде жоспарланған деп хабарлады Б. Гизатов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті