Семей өңірінде бруцеллез індеті белең алды

Оның айтынша, бруцеллезге қатысты қолайсыз ахуал Абыралы ауданының Қараөлең, Алғабас және Ақбұлақ ауылдық округтерінде байқалып отыр. Бұл аймақта екі аптада 5 мың бас ірі қара және ұсақ мал тексеріліп, соның нәтижесінде бруцеллез дертіне шалдыққан 123 бас мал анықталды.

Белгіленген тәртіпке сәйкес, ауырған малдың көзі тез арада құртылуға тиіс. Алайда, Б.Ғизатовтың айтуынша, әзірге бұл проблема шешілмей отыр. “Ең бастысы, ауырған малды жою жұмыстарын ұйымдастыруға қосымша қаржы тапшы. Бұрын бұл іспен ет комбинаттары айналысатын. Қазір ондайлар жоқ. Қалған жалғыз комбинаттың оған мүмкіндігі жетпейді. Әзірге ауырған малды жою жұмыстары кімнің мойнына жүктелетіні белгісіз күйінде қалып отыр”,- дейді Б.Ғизатов.

Оның айтуынша, мал дәрігерлік қызмет бұл мәселедегі салғырттықтың салдарына алаңдаушылық білдіруде. “Ауырған малдың ұзақ уақыт бойы жеке қораларда қала беруі үлкен зардапқа әкеледі. Адамдар үшін қаупі арта түседі. Ауырған мал бес күннің ішінде жойылуға тиіс. Ал қазір екі аптадан асты”,- деді Семейдің бас мал дәрігері.
Б.Ғизатовтың айтуынша, Абыралы ауданының үш ауылдық округіндегі індетке шалдыққан 30 мың бас ірі қара және ұсақ малды сауықтыруға республикалық бюджеттен 6 млн. теңге бөлінді. “Абыралы ауданында бруцеллез дерті белең алғалы 5 жылдан асты. Бірақ қолданылып жатқан шараларға қарамастан, жағдай жақсармай келеді”,- деді ол.