Оның ақпаратына сүйенсек, осыдан үш ай бұрын өңірде жекеменшік малда бруцеллездің болуын зерттеу бойынша емдік-профилактикалық жұмыстар басталған. Зерттеу барысында 27 ірі және 32 ұсақ малдың ауыратыны анықталды. Ауру оқиғалары Абыралы, Жазық, Достық ауылдық округтерінде, Шаған кентінде және басқа да аудандарда анықталды. қазіргі уақытта барлық ауру малдың көзі жойылған.