Семей өңірінде құрамында алтыны бар материалдар тасымалдап жүрген инкассаторлық броневикке шабуыл жасалды

Шабуыл 14 қараша күні түнде Знаменка - Семей тас жолында болған. "Қаптамалы УАЗ алтын өндіретін "Мезек" кен орнынан құрамында алтыны бар заттарды әкеле жатқан. Машинаны қарулы белгісіз адамдар тоқтатып, ондағы концентраттарды алып, іздерін жасырып кеткен", - деп түсіндіреді басқармадағылар. Шабуыл кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Қазір іс Абай АІІБ-ына беріліп, қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті