"Екі балықшының денесі 30-желтоқсанда табылды, оларды іздеу үш күнге созылған болатын",- деп түсіндірді станциядағылар.
Бұрын хабарлағанымыздай, 27 желтоқсанда сағат 19 шамасында Шүлбі су қоймасына балық аулауға барған бес адамы бар УАЗ көлігі батып кеткен болатын. 47 және 35 жастағы екі адам батып кетіп, үшеуі аман қалған. Облыстағы ауа райының қолайсыздығының салдарынан Шүлбі су қоймасына батып кеткен балықшылардың мәйіттерін іздеу қиынға соқты.