Семей өңірінде жаңадан ашылған мешітке ҚСРО қаржы министрі Рымбек Байсейітовтың есімі берілді

Осы ауылда алғашқы мешіт тұрғызу туралы бастаманы Рымбек Байсейітовтың туыстары жұбайы Мағрипа мен балалары қолға алған. Алла үйінің салтанатты ашылу рәсіміне орай Семейдегі Абай атындағы драма театры "Үлкен жүрек" атты спектакльді көпшіліктің назарына ұсынды, онда Р. Байсейітовтың өмір жолы көрініс тапқан. Қойылымның авторы семейлік Айбек Сапышев. Бұл қойылым кезінде Рымбек Байсейітовтың бастамасымен ашылған жергілікті клуб сахнасында қойылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті