Caravan Logo

Семей өңіріндегі мектептерге көмір жеткізіле бастады

Семей өңіріндегі мектептерге көмір жеткізіле бастады

Қалада 75 мектеп бар, оның 25-і ауылдарда орналасқан. 28 білім беру мекемесі ғимараттарды жылытуға көмір пайдаланады. "7107 тонна көмір жеткізуге байқау жарияланып, онда "Сем Авто XX" ЖШС жеңіске жетті. Көмір 18 тамыз бен 1 желтоқсан аралығында жеткізіледі", - деп хабарлайды білім беру бөлімі.

"Қазір жылыту жүйелері кесте бойынша дайындалуда. 36 мектепте жылыту жүйелері жуылған, бұл 48%-ға тең. 1 қазанға дейін барлық мекемелерде осындай дайындық жұмыстары аяқталады. 15 тамыздағы жағдаймен мектептердің 85% жаңа оқу жылының басталуына орай дайын болды. 11 мекемеде күрделі жөндеу жүргізілуде. Ол 30 тамызға дейін аяқталады.