Дәрігерлердің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға кеше Мұқыр ауылында болған. "Бұл елді мекенде тазалау қондырғылары бар. Жергілікті тұрғын осы ғимаратқа кіріп бара жатқан сиырын көріп, тұра ұмтылған. Соның салдарынан 70 жастағы қария химиялық күйікке шалынған", - деп түсіндірді дәрігерлер.
"Зардап шегуші орташа ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Ал сиыр зардап шеккен жоқ", - деп толықтырды жедел жәрдем станциясындағылар.