"Семей орманы" орман қорығында ағаш отырғызу жұмыстары басталды

Оның айтуынша, қарағай көшеттері өткен жылдардағы өрт орындарына отырғызылып жатыр. Бұл үшін 900 келі көшет дайындалған. Қорықтың барлық 10 филиалында жүрмек. Көшет отырғызу жұмыстарына 300 жұмысшы жұмылдырылған. Оларға жергілікті тұрғындардың арасынан шыққан белсенділер мен мектеп оқушылары көмектесуде.

С.Мұртазиннің айтуынша, жұмысты сәуірдің аяғына дейін аяқтаған жөн. Сондықтан жұмыс таңғы 7-ден кешкі 19-ға дейін қарқынды жүріп жатыр. Биыл 1850 га аумаққа көшет отырғызу жоспарланған. Қазірдің өзінде 1393 га /75 %/ жерге балғын қарағай отырғызылды.

Мұртазиннің сөзінше, көшеттердің жерсінуі шамамен 65 % . Бұл дегеніңіз, табиғат жағдайы қатаң әрі қатты желді Семей өңірі үшін ең жоғары көрсеткіш.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті