"Семей орманы" орман резерватында 30 текше метр орман заңсыз кесілген

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бөкебаев филиалының №10-12 кварталдарында 29,76 текше метр жайқалып тұрған орманның заңсыз кесілу дерегін табиғат қорғау полициясы жол полициясы басқармасымен және орман күзетімен бірлесіп патруль кезінде анықтады.

Большая Владимировка және Ново-Николаевка ауылдарының тұрғындары ұрлық үстінде ұсталды. "Мән-жайды анықтау барысында олардың мемлекеттік номері жоқ "Т-40" тракторымен "Мәди" шаруа қожалығына арнап қарағай кескені анықталды. Браконьерлер қарағайды қолмен кесіп, он күн бойы түнгі уақыттарда ағаштарды Ново-Николаевка ауылынан екі шақарам жердегі "Мәди" мал шаруашылығына тасымалдаған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 291-ші бабының 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті