Оның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында жыл басынан бері 6,5 мыңға жуық рейдтер мен тексерулер өткізіліп, соның нәтижесінде заңсыз ағаш кесуге қатысты 76 дерек анықталған. "Өткен жылғы 10 айда осындай 170 дерек анықталған, сөйтіп, ағаш кесу оқиғалары 50% аса азайып отыр", - деді В.Синичкин.
Оның хабарлауынша, сондай-ақ, 2007 жылдың 10 айында заңсыз ағаш кесу салдарынан 1452 текше метрге жуық ағаш жойылса, былтыр бұл көрсеткіш 3187 текше метр болған. Шығын көлемі 7,5 млн. теңге болды, ал былтыр - 15 млн. теңге болған.
Аталған мерзімде орман қорғау заңнамасын бұзуға байланысты 79 хаттама жасалып, 42 іс құқық қорғау органдарының қарауына тапсырылса, 34 материал сотқа жолданды, 26 адам 834,4 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті