Оның ақпараттарына сүйенсек, тіркелген 18 деректің тоғызы "ізі суымай" ашылған. Ең ірі браконьерлік дерегі резерваттың Долоньск бөлімшесінде тіркелген. Бұл жерде 35 текше метр орман оталып, одан келген шығын 300 мың теңгеден асқан. Тергеу көрсеткендей, ұсталған азаматта өзінің ағаш кесетін аппараты болған. Қазіргі уақытта, оның лицензиясы бар-жоқтығы анықталуда. Соған қарамастан, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ю. Дубовтың мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы аталмыш табиғи резерватта 150-ден астам заңсыз ағаш кесу дерегі тіркеліп, 3 мыңнан астам текше метр орман оталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті