"Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватының аумағында заңсыз ағаш кесу және ағаштарды қасақана өртеумен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және оларды ашу жөніндегі жиналыста осындай мәліметтер келтірілді.
ШҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары Жанарбек Бақтыбаевтың хабарлауынша, жыл басынан бері ішкі істер органдары ағаштар мен бұталарды заңсыз отағаны үшін 11 қылмыстық іс қозғаған. Оның алтауы сотқа жөнелтіліп, заң бұзғандар сотталған.