"Семей орманы" табиғи қорығында адамдар көп баратын жерлерді жайластыру жұмыстары жүргізілуде

Бірінші кезекте "неке қарағайының" жанындағы аумақ жайластырылды. Бұл жаңа некелесткен жас жұптар оқиғаға орай шампан шарабын ішіп, бос бөтелкені қарағайдың бұтағына байлап кету дәстүрге айналған орын. Мамандардың пікірінше, бұл дәстүр экологияға нұқсан келтірейін деп тұр. Қарағайдың түбінде қоқыс үйіліп қалатын болды.

Ж.Сағадиевтің айтуынша, орман қорығының қызметкерлері тойлардан қалған қоқысты тазартып үлгермей жатады. Нәтижесінде, қарағайдың жанына халықты тәртіпке шақыратын плакаттар іліп, қоқыс салатын қораптар орнату ұйғарылды. Сондай-ақ, қарағайдың жанында отырып сұхбат құратын орын ағаштан жасалып, орнатылды.
"Қорық алдында тұрған басты мақсаттардың бірі - халықты сауықтыру, туристік және танымдық шаралар болмақ. Осыған байланысты біз бүкіл қорық аумағындағы демалыс орындарын жайластыруға кірістік",- деді Ж.Сағадиев.
Оның айтуынша, жуырда қорық аумағында тағы да 6 орын жөнделіп, ретке келтіріледі.