"Семей орманы" табиғи резерватына қарасты 50 мың гектарлық қарағайлы орманды 17 орманшы ғана күзетіп, 50 орманшыға тиесілі міндетті атқарып отыр

Орманшылар күн сайын мыңдаған гектар жерді жаяу-жалпы аралап шығады. Бөлімшеде 1 ескі УАЗ көлігі ғана қалған. Төлеубай Олжаевтың айтуынша, тәулік бойы орманды күзету көлігі мен қажетті құралдары жоқ орманшылар үшін оңайға соқпай отыр. Сондықтан бұл жұмыста көп ешкім тұрақтамайды. Мәселен "Орталық" орман шаруашылығында қазір 6 орманшы бар. Олардың әрқайсы күн сайын 3 мың гектар орманды алқапты бақылап шығуы керек. Сондағы алатын еңбекақылары 5 мың теңгеден аспайды.