Семей полицейлері қатты аязға байланысты жұмыстың күшейтілген режиміне көшті

Жол полициясы бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, қаланың шыға берісіне жол полициясының посты қойылған. Бұл шара ауыл тұрғындары елді-мекенен алыс шықпаулары үшін қабылданып отыр. Полицейлердің айтуынша, қатты аязда кез-келген техника сыр беруі мүмкін.

Мекеменің ақпараттарына сүйенсек, жыл басынан бері жол полициясының қызметкерлері 90-нан астам адамды құтқарған.

"Сенбі күні Семейден 10 шақырым қашықта полицейлер Тоқтамыс аулының төрт тұрғыны бар "Волга" көлігін кездестірген. Қырық градус аязда бір сағаттан астам уақыт отырған адамдар қалаға жеткізілді",- деді жол полициясының қызметкерлері.