"Шығыс" аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, әскери іс-қимылдар аймақтық қолбасшылық құрамына енетін әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығы жоспарына сәйкес қыркүйектің 5 мен 12 аралығында өткізілді. Оған Қарулы күштердің барлық әскер түрлерінің құрамына қамтылатын 1 мың адам мен 200 әскери техника жұмылдырылды.
Сарбаздар инженерлік-саперлік бөлімшелердің понтонды көпір тұрғызуы мен су бөгетінен өту әрекеттеріне машықтанды.
Бұған қоса "Шығыс" полигонында шартты қарсыласты нысанаға алу арқылы барлық қару түрлерінен тактикалық атыстар іске асырылды.
Оқу-жаттығулар барысында бұған қоса әскерилер құрамының ұрыс қимылдары жағдайындағы күнделікті іс-әрекеттері мен тіршілігін жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелері жан-жақты пысықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті