-Отан үшін бардық, еліміз үшін бардық. Антымызды бердік, ант су іштік, содан көріп отырған күніміз осы.
Семей полигонындағы жарылыстардың зардабын жоюға атсалысқаны үшін мұндай азаматтарға 1995 жылы арнайы жәрдемақы тағайындалған. Бірақ полигонда қызмет еткендердің 70 пайызы қазірге дейін құжаттарын дұрыстай алмай, тиісті ақшасынан қағылып отыр. Себебі Ресейдегі мұрағаттан анықтама алынып, ол еліміздегі әскери комиссариатпен расталуы қажет. Осындай бюрократизмнен шаршағандардың басым бөлігі 10 мың теңгелік жәрдемақыға қол сілтеген көрінеді.
Сәбит Әбішов, «Невада-Семей» қоғамдық ұйымының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы:
-Ресейгеға сілтейді, Ресей бізге жауап бермейді. Олардан хат келді жауап бермейміз, өйткені тәуелсіз мемлекет. Өзінің әскери архиві бар, берілуге тиіс деп. Бір біріне айдап салады. Екі ортада біз зардап шегіп отырмыз.