Семей қаласында кәсіпкерлер мен ҚР Премьер-Министрі арасында егжей-тегжейлі әңгіме болды

Назарда жүрген мәселелерді талқылаумен қатар «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру бойынша нәтижелі қадамдар жөнінде сөз болды.

Семей қаласында үкіметтік делегация ТКШ нысандарының жұмысымен және құрылыс материалдардың өндірісімен таныс болудан өзге, «СемАЗ» ЖШС өнімдерінің (автобус, трактор) таныстырылымына қатысты. Қазіргі кезде кәсіпорында өндірісті кеңейту бойынша жаңа жоба аясында жүк көліктерін құрастыру желісі орнатылуда.

Үкімет басшысына «Саттранс» фирмасының үй құрылыс комбинаты жобасы таныстырылды. Айта кетейік, биыл оны Өскемен мен Семейде пайдалануға беру жоспарлануда.

ҚР министрлер кабинетінің мүшелері ШҚО-ның «моноқалалар төрттігіне» кірген Зырян қаласына ұшып шықты.