Шағын бизнес нысандарындарында өнім өндіру көлемі 4,7% ұлғайды. Шағын бизнес кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындары пайда болғанмен еңбекке
тартылғандар саны 5% ғана көбейген. Басқа салалалармен салыстырғанда ең төменгі еңбекақы шағын бизнес кәсіпорындарында тіркелген. Атап
айтқанда ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, сауда және қызмет көрсету орындарындағы орташа еңбекақы 8272 теңгені құрайды.
Исламбек Қарахановтың айтуынша, қаланың 2004 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған индикативтік жоспарында
өндірістік өнімді 25,9 млрд. теңгеге немесе 7,5% , шағын бизнес кәсіпорындары өнімін 10% өсіру қарастырылды.