Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып, өзінің вирус жұқтырғанын жеткізген. Егер денсаулығым жақсы болса, қашықтықтан жұмысымды жалғастырамын, қазір өзімді-өзім оқшауладым дейді әкім.
"Бүгін COVID-19 сынағы оң нәтиже бергенін хабарлауды міндетім деп білемін. Шамасы, шектеулерге қарамастан, қызметіңнен толық бас тарта алмайсың. Бірқатар адамдармен тығыз қарым-қатынас жасауға мәжбүр болдым. Бүгіннен бастап мен қатал оқшаулану режиміне көшемін. Денсаулығым мүмкіндік берсе, мен интернет арқылы жұмыс жасаймын. Мен барлық отбасы мүшелерін сақ болуға, санитарлық шараларды орындауға шақырамын. Өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасаңыз" - деп жазды Facebook парақшасында Ермақ Сәлімов.