"Табиғи шыршаларды пайдалану дәстүрін қайта қарайтын кез келді. Мейрамды бір реттік безендіру үшін өсіп тұрған ағашты кесіп, сосын оны қоқысқа лақтыру - бұл табиғатқа жасаған теңдессіз қаскүнемдік және де өскелең ұрпаққа үлгі болатындай табиғатқа деген сүйіспеншілікке мүлдем жат",- деді В.Адаричев. "Біз білім беру мекемелерінің басшыларына жаңа жыл мерекесін жасанды шыршамен өткізу туралы ұсыныс жасадық. Қазіргі күні мұндай шыршалардың кез-келген түрін таңдауға болады. Олар өте әдемі, тіптен кейбір шыршаларды табиғи шыршадан ажыратудың өзі мүмкін емес. Сондықтан да, менің ойымша бұл жерде мәселе туындай қоймас деп ойлаймын",- В. Адаричев.
Ол көптеген мектеп басшылары әкімнің бастамасын қолдағанын айтты. "Бірақ кейбір басшылар Жаңа жылға жарты ай қалғанда оның қымбатқа түсетінін, қажетті қаражат таба алмайтындықтарын алға тартуда. Бірақ біз оларды бір рет ақша жинап, келесі жылдары үнемдей алатынын атап айттық. Келешекте жасанды шыршаға жүз пайыз көшуден ешқайда қашып құтылмаймыз", - деді В.Адаричев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті