Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығы Бауыржан Әбішев бұл жағдай осы ауданды жылумен қамтамасыз ететін №103 жылу қазандығында болған апатқа байланысты туындады дейді.
№103 қазандығында соңғы 2 аптаның ішінде 2 апат тіркелді. Алғашқысында электр тарату жуйесі істен шығып, қазандық жұмысы 6 сағатқа тоқтылған болатын. Ақау қалпына келтірілгелі бір апта өтпей жатып тұрғындар тағы да жылусыз қалды.
"Тозығы жеткен жылу құбырларының жарылу оқиғалары жиілеп кетті . Әлі де жөндеуді, ауыстыруды қажет ететін ескірген құбырлар жеткілікті",-дейді коммуналдық басқарма бастығы.
Ал тұрғындар болса, төлеп отырған ақыларына сай сапалы қызмет талап етуде.