Caravan Logo

Семей құтқарушылары бір апта бұрын жоғалған бақташыны тапты

Семей құтқарушылары бір апта бұрын жоғалған бақташыны тапты


Аталған ауданды тексеру кезінде құтқарушылар бақташы жасырынған күркені анықтаған, оның жылқысы жақын маңда жүрген. Бақташыны тауып алған соң, өртке қарсы күрес қызметкерлері оны қарап шығып, бақташының аман-сау, психикалық ауытқуы жоқ және үсік шалмағанын анықтады.

ТЖД-нен хабарлағандай, 2015 жылдың 8 желтоқсанында сағат 14:40-та Семей қаласы бойынша әкімдік кезекшісіне Семей қалалық ІІБ-нің кезекшісінен Алғабас ауылдық округіндегі «Киікқашқан» бөлімшесінде малын іздеп шыққан 1975 жылғы бақташы жоғалып кеткенін туралы хабарлама келіп түсті. Алайда жоғалған мал қайтып келгенімен, бақташы табылмады.