Семей театрының труппасы халықаралық фестивальдің үш марапатына ие болды

Бұл туралы altaynews.kz сайтынан хабарлады.

«Үздік режиссура», «Үздік әйел бейнесі», «Үздік екінші пландағы роль» аталымдары бойынша Семейдің Ф.М.Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театрының ұжымы Ресей Федерациясының Дмитровград қаласында өткен халықаралық «Театральный АтомГрад-2013» фестивалінде марапатталды.

Фестивальде Семейдің орыс драма театры Анна Батуринаның пьесасы бойынша «Фронтовичка» мелодрамасын ұсынды. Оны мәскеулік режиссер Юлия Ауг қойған.