Семейдің шетіндегі Мұрат саяжайынан көптен бері тыныштық кеткен. Қолдарына наразылық сөздері жазылған плакаттар ұстаған жұрт кооперативтің бұрынғы төрайымына қарсы.
-Жолды жабамыз. Басқа жол жоқ.
Қарашаның талабынан кейін орнынан алынған бастық қайтадан тағына жайғаспақ ниетте екен. Алайда, түрмедегідей тәртіп орнатқан төрайымнан енді ғана құтылған жұрт оны қайтып көргісі келмейді. Тұрғындар тәуелсіз аудит өткізіп, оның ортақ ақшаға қол салғанын анықтапты.
Толқын Шауалиева, саяжай тұрғыны:
-8 млн теңге. Ол тек 4 жылда ғана. Оның өзі осында қалған құжаттардан ғана. Ал олар қаншама құжатты өздерімен алып кетті. Ол қайда?! Сондықтан біз Хлюпинаны қаламаймыз! Халықты төмен санайды! Езіп, жаншып отырады!
Бастық орнынан кеткен соң бірден сотқа жүгініпті. Тексеру жұмыстары басталғандықтан, мұндағы кассалық аппаратқа тыйым салынған екен. Жұрт енді тиісті төлемдерді өтей алмай отыр.
-
Касса аппаратамызды тәркілеп тастады. Енді жарықты қиғалы отыр.
Саяжайдағылар егер жарық сөнсе, мұндағы егілген көкөніс атаулы құрғап кетеді деген үрейде. Себебі тоқсыз оларды суарып баптау мүмкін емес. Бүгін сондай-ақ тұрғындармен бірге оның қоластында қызмет істегендер де бұрынғы бастыққа қарсы шықты. Себебі, онсыз да аз ақша алатын жұмысшылардың жалақысын жырымдап жіберген.
Алтынбек Қайырбеков, күзетші:
-1 жыл істедім, зейнетақы қоры жоқ! Сот басталғанда ғана лақтырған. Оны өздері үшін лақтырып отыр! Ал бізді адам құрлы санаған жоқ! Ешқашан да!
-Саяжай тұрған жерлерге жауапты ауыл шаруашылығы бөлімі түсініктеме беруден бас тартты. Ал ашынған жұрт бұрынғы басшыны аумаққа аттап бастырмаймыз деп отыр. Егер ол қызметіне оралса, жағдай жаға жыртысуға дейін барады деп ескертуде.