Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері шұғыл алдын алу шаралары барысында 49 жастағы ер адам айдаған "ВАЗ-21013" автокөлігін тоқтатқан. "Көліктің ішін тексеру барысында марихуана салынған екі дорба табылды",- деп хабарлайды тәртіп сақшылары. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 килограмм 305 грамм болды.
Ұсталған уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті