- Отырмаймын..осылай тұрам...
- Ұста,ұста.
Мына кадрлер бірнеше күннен бері интернетті шулатып жатыр. Семейдегі аса ауыр қылмыс жасағандарға арналған 156/15 түрмесіне бір күнде этаппен 50 адам жеткізілген. Алайда, видеоға олардың арасынан тек төртеуі түсіп қалыпты. Барлығы кісі өлтіріп, қару-жарақ сатумен айналысқан қылмыскерлер. Өзге колониядан жеткізілген жазасын өтеушілердің емдеуге қарсылық танытып жатқанын түрме бақылаушыларының бірі түсіріп алған.
- Ринат, басыңды неге соғып жатырсың? Сен мұнда емделуге келдің ғой.
- Итеріп жіберді.
- Ей сені ешкім итерген жоқ.
-Аш аузыңды, аш..
Сотталушылар нашақорлықтан, маскүнемдік пен түрлі жұқпалы аурулардан мәжбүрлеп емдеу үшін осында жеткізілген екен. Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті бұл таспаның толық нұсқасын қолдарында ұстап отыр. Бірақ, видеоны интернетке кімнің салып жібергенінен хабарсыз. Қандай мақсатта салса да, көп кадрлерді кесіп тастаған дейді. Әсіресе, басынан қан сорғалаған мына сотталушының басын ұрып, өзін- өзі сабалаған сәттерін де көрсетпеген деп отыр.
Ғалымжан Хасенов, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы:
-Бұл жерде ғаламторға жазасын өтеуші жағындағылар салған. Негізі біздің қызметкерлердің оларға мейлінше жұмсақтық танытқаны кадрден көрініп тұр. Оның үстіне, бір түрмеден екінші түрмеге емделуге жеткізілген адамдарды тексеру колонияның күнделікті ішкі жұмысы. Ал олар бағынбай қарсылық танытқан.
Елді шулатқан жазбаны қазір Ішкі істер министрлігі тексеріп жатыр. Бірақ таспаны түсірген түрме қызметкеріне жаза қолданбаймыз дейді. Өйткені, оның іс-әрекеті заңды екен. Ал, колонияны масқаралап видеоны ғаламторға қасақана салып жіберген адамға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Әрине, ол адам табылған жағдайда.
Loading...