Семей ұйымдарында метрология және стандарттау жөніндегі заңды бұзу оқиғалары анықталды

"Бір реттік талонмен сауда-саттық жасайтын жеке тұлғалар көп проблема тудырады. Мораторий енгізілуге байланысты оларды жылдың аяғына дейін тексеруге болмайды. Біздің пікірімізше, оларға тек базар басшылары ғана әсер ете алады", -деді ШҚО техникалық реттеу басқармасының бөлім бастығы Рақыш Шомаев.

Азық-түлік өнімдерін өндірушілерге тағатын айып көп. 20 жуық кәсіпорыннан тауардың орамасына маркировка жасау талаптарын бұзу оқиғалары байқалды.

Метрологтардың тексерулерінің қорытындысы бойынша қалада 7 млн астам теңгенің 37 тауар партиясын сатуға тыйым салынды.